Қазақстан спортшылары Түркиядағы маунтинбайк жарысында көзге түсті

Басқа
Жиын барысында спортшылар екі жарысқа қатысып үлгірді.
24 қыркүйек күні кросс-кантри шорт-трек (ХСС) жарысында ерлер арасында Денис Сергиенко екінші орын алса, Темірлан Мұхамедиянов 6-орыннан, Егор Карасев 7-орыннан және Алтынбек Аханов 8-орыннан көрінді.
Ал әйелдер арасында Алина Саркулова бірінші орын, Татьяна Генелёва екінші орынға ие болды.
Сондай-ақ 25 қыркүйек күні кросс-кантри олимпик (ХСО) жарысында әйелдер арасында Алина Саркулова 1-орын, Татьяна Генелёва 2-орын алды. Ерлер арасында Денис Сергиенко бірінші орынға, Темірлан Мұхамедиянов 6-орынға, Егор Карасев 7-орынға, Алтынбек Аханов 8-орынға тұрақтады.