Алматыда өткен матчта «Қайрат» «Жетісу» командасын жеңді

 Алматыда өткен матчта «Қайрат» «Жетісу» командасын жеңді
Футбол

"Қайрат" ФК

Алматылық «Қайрат» өз алаңында Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) 28-туры аясында талдықорғандық «Жетісумен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұл жеңіс алматылық ұжымға чемпиондық бәйгедегі аса маңызды үш ұпайды қоржынға салуға мүмкіндік берді.

«Орталық» стадионда өткен кездесуде алаң иелері допқа көп иелік етіп, қарсылас қақпасына қауіпті сәттерді көп ұйымдастырды. Ал қонақтар қорғаныста аса сақ ойнауға тырысты. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды «Қайрат» футболшысы Марк Гуаль соқты. Ойын соңына таман «Жетісу» командасының қорғаушысы Дінмұхамед Қашкен екінші мәрте ойын тәртібін бұзып, ойыннан қуылды. Матчтағы Азамат Тұяқбаевтың соққан екінші голын төреші есепке алмады. Осылайша кездесу минималды есеппен аяқталды.