Футболдан Қазақстан Кубогы екі матчының тікелей көрсетілімі

Футбол
Бүгін, 5 тамызда футболдан Қазақстан Кубогының топтық кезеңі бесінші турының екі матчы өтеді.
"Ақжайық" - "Қайсар" (19:00) және "Тұран" - "Шахтер" (21:00) ойнайды. Матчтарды Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді болады.
Бұл турдың келесі ойындары 6 және 7 тамызда өтеді. "Атырау" - "Ақсу", "Ақтөбе" - "Мақтаарал", "Қызыл-Жар" - "Каспий", "Астана" - "Жетісу", "Ордабасы" - "Қайрат", "Тобыл" - "Тараз" кездеседі.