Парапауэрлифтингтен Қазақстан ерлер құрамасы командалық сайыста қола жүлдеге қол жеткізді
csp-parasport.kz
Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан V жазғы Азия Пара ойындарында пара пауэрлифтингтен Қазақстан ерлер құрамасы командалық сайыста қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан ерлер командасының сапында Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев, тәжірибелі спортшылар Ерболат Карибай және Станислав Шакиев өнер көрсетті. Бірлескен ұжымдық талпыныстардың нәтижесінде отандық ауыр атлеттер 412.09 ұпайлық коэффициент көрсеткішімен Азиаданың қола жүлдесін қанжығаларына байлады. Осылайша, пара пауэрлифтинг шеберлері жекелей сындардағы табыстарын командалық бәсекеде де абыроймен бекіте түсті.
Аталмыш медаль Қазақстан паралимпиадалық құрамасының жалпыкомандалық есептегі орнын нығайтуға септігін тигізді.
Атап айтқанда, бұл маңызды жүлде және велоспортшылардың бүгінгі қос дублі Қазақстан ұлттық құрамасының жалпы медальдар санын 48-ге (12 алтын, 15 күміс, 21 қола) жеткізді.