Ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында Азия чемпионатында топ жарды
Басқа
AWF
Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр.
Қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 358 (160+198) келіні еңсерді.
Сондай-ақ дәл осы салмақта Ерасыл Сәулебеков 351 (154+197) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды.
Ал күміс жүлдені өзбекстандық Хикматилло Хайдаров жеңіп алды - 357 (161+196) келі.