Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Басқа

ҰОК

Будапештте (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Әлем біріншілігі аясында Қазақстан құрамасы командалық сайыста (техникалық бағдарлама) өнер көрсетті. Нәтижесінде отандастарымыз 250.0992 ұпай жинап сегізінші орынға тұрақтады. Ресей құрамасы 290.1267 ұпаймен жеңіске жетті. Қытай спортшылары 283.0642 ұпай жинап, екінші орын алса, Испания құрамасы 273.0474 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бүгін, 13 тамызда Қазақстан құрамасы жұптық сайыста (техникалық бағдарлама) өнер көрсетеді. Қазіргі таңда құраманың қоржынында бір медаль бар. Бұған дейін Виктор Друзин техникалық бағдарламада қола жүлдеге ие болған еді.