Чемпиондар лигасы: Бүгін Еуропадағы бірнеше команда плей-офф кезеңіне шығуға таласады
sabah.com.tr
UEFA Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында 11 және 12 тамыз күндері еурокубтық маусымның тағдырын шешетін маңызды қарымта ойындар өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Әсіресе отандық жанкүйерлер үшін басты назар Түркістан қаласына аумақ. Мұнда алматылық «Қайрат» Софияда өткен алғашқы кездесуде 0:1 есебімен жол берген болгариялық «Левски» ұжымын қабылдайды.
Алматыдағы «Орталық» стадионда рэпер Канье Уэстің концерті жоспарлануына байланысты бұл шешуші текетірес «Түркістан Аренаға» ауыстырылған болатын. Сағат 20:00-де басталатын бұл ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Турнирдің плей-офф кезеңіне өткен жағдайда «Қайрат» Грекияның АЕК клубымен кездеседі, ал жеңілсе – Еуропа лигасының плей-офф сатысында ПАОК (Грекия) – «Андерлехт» (Бельгия) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.
Қазақстандық клубтан бөлек, Еуропаның түкпір-түкпірінде Чемпиондар лигасының келесі сатысына өту үшін азулы ұжымдар арасында үлкен шайқастар күтіп тұр.
Үшінші іріктеу кезеңінің толық ойындар кестесі мен алғашқы матчтардың нәтижелері мынадай:
«Қайрат» (Қазақстан) – «Левски» (Болгария) (бірінші ойын – 0:1) – Түркістандағы аншлаг пен +42 градус аптап ыстықта өтетін басты кездесу.
«Лион» (Франция) – «Спарта Прага» (Чехия) (бірінші ойын – 1:2) – Францияның үздік клубтарының бірі өз алаңында чехиялық командадан сенсациялық жеңілістің есесін қайтаруға тырысады.
«Штурм» (Аустрия) – «Фенербахче» (Түркия) (бірінші ойын – 0:2) – Түркиялық команда алғашқы ойындағы басымдықты сақтап, плей-оффқа шығуды көздейді.
«Слован» (Словакия) – «Мьелбю» (Швеция) (бірінші ойын – 1:0) – Словактар сырт алаңдағы минималды жеңісін сақтап қалу үшін барын салады.
«Целе» (Словения) – «Арарат-Армения» (Армения) (бірінші ойын – 1:2) – Армения чемпионы алғашқы ойында жеңіске жеткен. Бұл жолы сырт алаңда сауатты қорғанып, қарымта шабуылда гол соғып, есеп айырмасын одан сайын арттыруға әрекеттенеді.
«Црвена Звезда» (Сербия) – «Хапоэль Беэр-Шева» (Израиль) (бірінші ойын – 0:1) – Белградтық клуб жанкүйерлерінің алдында жалпы есепті теңестіріп, жеңіске жетуді жоспарлары анық.
«Будё-Глимт» (Норвегия) – «Юнион» (Бельгия) (бірінші ойын – 3:3) – Алғашқы кездесуде нағыз голдар шоуын көрсеткен командалар бұл жолы да ашық футбол ойнауы мүмкін.
НЕК «Неймеген» (Нидерланд) – «Олимпиакос» (Грекия) (бірінші ойын – 0:0) – Қос команда бірінші ойында тең тарқасқан. Жеңімпаз осы ойында анықталады.
«Сабах» (Әзербайжан) – «Орхус» (Дания) (бірінші ойын – 1:2) – Әзербайжандық ұжым Даниядағы жеңілістен кейін өз алаңында есе қайтаруды көздейді.