Брейкингтен жасөспірімдер мен жастар арасында ел чемпионаты өтті

Брейкингтен жасөспірімдер мен жастар арасында ел чемпионаты өтті
Басқа

Астанада брейкингтен балалар, жасөспірімдер, юниорлар және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.  

Бұл жарыс еліміздің әр өңірінен келген үздік брейкерлерді бір алаңға жинап, олардың шеберлігін паш етті. Жарыстың мақсаты Қазақстанда брейкингті дамыту және жастар арасында танымал ету. Ұлттық команданың халықаралық деңгейге дайындау. Қатысушылар мен нәтижелер Турнирге еліміздің барлық аймақтарынан 200-ден астам спортшы қатысты. Әр жас санатында үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Жарыс барысында жас брейкерлердің шығармашылық қимылдары мен техникалық деңгейі жоғары бағаланды.

Жарысты ұйымдастыруға бас серіктес - «Самұрық-Қазына» АҚ және серіктес – «Sport Qory» спортты қолдау қоры қолдау көрсетті. 

Астанада өткен бұл чемпионат еліміздегі брейкингтің қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдеді. Жас спортшылардың табыстары Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға үлес қосады.