Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына құрмет көрсетті (ВИДЕО)

Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына құрмет көрсетті (ВИДЕО)
Қысқы спорт

Қайрат Нұртас және Оксана Тен. Сурет: Instagram / @kair_n

Танымал әнші Қайрат Нұртас мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің анасы Оксана Тенге құрмет көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісінде видео жариялап, онда Михаил Шайдоровтың Олимпиада чемпионы екенін айтып, осы тарихи оқиғадан кейін Денис Теннің анасы Оксана Тенге арнайы сәлем беру үшін келгенін жеткізді.

"Батырды дүниеге әкелген Денис Теннің анасы - халқымыздың мақтанышы. Біздің қаһарман мәңгі жүрегімізде", - деп жазды Қайрат Нұртас өзінің әлеуметтік желісінде жариялаған бейнежазбасында. 

Оксана Тен болса, марқұм Денистің әншінің шығармашылығы жақсы көргенін және жоғары бағалағанын жеткізді. 

Бұған дейін Михаил Шайдоров Олимпиада шыңын бағындыруында Денис Теннің қосқан үлесі зор екенін атап өткен.