Қазақстандық шорт-трекшілер Олимпиададағы жарыс жолын аяқтады
Қысқы спорт
Ольга Тихонова. Сурет: Сали Сабиров / ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадада шорт-тректен 1500 қашықтықта ширек финалдық сайыстар өтті. Бұл сында ел намысын Ольга Тихонова және Яна Хан қорғады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, жартылай финалға шығу үшін 1–3-орын алу немесе төртінші орын иегерлері арасында ең үздік уақыт көрсеткішін тіркеу қажет еді.
Нәтижесінде Яна Хан өз тобында 5-орын алып, жарыс жолын аяқтады. Ал Ольга Тихонова өз жарысында 4-орын алып, жартылай финалға өте алмады.