Олимпиада-2026: бүгін Қазақстан құрамасынан жарыс жолына кімдер шығады
Роман Иванов. Сурет: Тұрар Қазанғапов / ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күндерінің бірінде Қазақстан құрамасы үш спорт түрінде сынға түседі, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Фристайл-акробатикадан ел намысын қорғайтын спортшыларымыз аралас командалық жарыста бақ сынайды. Бұл бәсекеде Роман Иванов, Аяна Жолдас пен Асылхан Асан жарыс жолына шығады. Сайыс Астана уақытымен сағат 14:45-те басталады.
Сонымен қатар, бүгін шаңғы жарысынан ерлер арасында 50 шақырымға масс-старт жарысы өтеді. Еліміздің атынан Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков сынға түседі.
Конькимен жүгіруден де әйелдер масс-старт бәсекесінде жүлделерді сарапқа салады. Елизавета Голубева бақ сынайтын жарыстың жартылай финалы Астана уақытымен сағат 19:50-де, ал финалы сағат 21:15-ке жоспарланған.