Олимпиада-2026: Елизавета Голубева топ-7 қатарына енді
Елизавета Голубева. Сурет: Сали Сабиров / ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Бүгін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1500 метр қашықтықта жарыс өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасының атынан Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко бақ сынады. Отандастарымыздың арасында ең үздік нәтижені Елизавета Голубева көрсетті. Ол 1:54.86 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жетінші орын алды.
Надежда Морозова 1:54.86 нәтижесімен 12-орынға тұрақтаса, Арина Ильященко 1:58.43 уақыт көрсеткішімен 24-орында жарысты аяқтады.
Нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонг 1:54.09 нәтижесімен Олимпиада чемпионы атанды. Күміс медальді норвегиялық Рагне Виклунд (1:54.15) иеленсе, қола жүлде канадалық Валери Мальтеге (1:54.40) бұйырды.