Денис Никиша Олимпиада ойындарын қандай нәтижемен аяқтады
Денис Никиша. Сурет: Сали Сабиров, ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Қысқы Олимпиада ойындарының он екінші жарыс күнінде шорт-тректен ерлер арасында 500 метрге жүгіру сайысында жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл сында ел намысын екі отандасымыз Денис Никиша мен Абзал Әжғалиев қорғап, екеуі де ширек финалға жолдама алған. Абзал жарысты осы ширек кезеңнен жолдама алса, Денис уақыт көрсеткішінің арқасында жартылай финалға шықты.
Финал жолдамасы үшін болған таласта Денис Никиша өз тобында мәре сызығын төртінші болып кесті және уақыт көрсеткіші бойынша да үздіктер қатарынан көріне алмады, нәтижесінде ол А финалына шыға алған жоқ.
В финалында отандасымыз Олимпиада ойындарының 6-10 орындары үшін таласып, бұл жарыста Денис мәреге екінші болып келіп, ақ Ойындар қорытындысында жетінші орынға тұрақтады.