Олимпиада-2026: он бірінші жарыс күнінде кімнің жолына үмітпен қараймыз

Олимпиада-2026: он бірінші жарыс күнінде кімнің жолына үмітпен қараймыз
Қысқы спорт

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының он бірінші жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасы үш спорт түрінде сынға түседі, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Шаңғы қоссайысында ел намысын қорғайтын Шыңғыс Ракпаров бүгін жарыс жолына шығады. Үлкен тұғырдан секіру Астана уақытымен сағат 14:00-де, ал шаңғы жарысы сағат 17:45-те басталады. 

Бүгін Олимпиада ойындарында фристайл-акробатикадан турнир басталады. Сағат 14:45-те басталатын әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Аяна Жолдас сынға түседі. Ал ерлердің іріктеу бәсекесі елорда уақытымен сағат 17:30-да басталады деп жоспарланған. Мұнда төрт бірдей отандасымыз - Роман Иванов, Асан Асылхан, Дінмұхамед Райымқұлов пен Шерзод Хаширбаев сынға түседі. 

Сонымен қатар, бүгін мәнерлеп сырғанаушы әйелдер жарыс жолын бастайды. Қысқа бағдарламасын орындайтын қыздар арасында біздің Софья Самоделкина бар. Жарыс Астана уақытымен сағат 22:45-те басталады.