Екі қазақ қызы Олимпиада ойыдарында үздік ондыққа енді
Қысқы спорт
Надежда Морозова. Сурет: Сали Сабиров/ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Италияда басталған XXV қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру спортынан әйелдер арасында 3000 метрге жүгіру жарысынан жүлделер жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл сында Қазақстан құрамасының екі спортшысы - Надежда Морозова мен Елизавета Голубева жүлдеге таласты. Надежда Морозова аталған қашықтықты 4:01.200 уақытта жүгіріп өтіп, алтыншы орынға тұрақтады. Ал Елизавета Голубева 4:03.300 уақыт нәтижесін көрсетіп, үздік ондықтың қатарынан көріне білді.
Италиялық Франческа Лолобриджида Олимпиада ойындарының рекордын жаңартып, алтын жүлдеге ие болды - 3:54.280.