Ұлттық банк Милан Олимпиадасына арналған коллекциялық монета шығарады
Басқа
Олимпиада ойындарына арналған коллекциялық монета. Сурет: ҚР Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атты коллекциялық монеталарын айналысқа шығарғанын жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
1000 теңге номиналы бар монета 925 сынамалы күмістен жасалған, түсті басып шығару технологиясы қолданылған және proof сапасында орындалған. Монетаның массасы - 20 грамм, диаметрі - 37 мм. Жалпы дайындау таралымы шектеулі - 2000 дана.
Монеталарды қашан сатуға шығарылатыны туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша хабарланады.