Алғашқы допинг дауы: Олимпиада алдында Италия құрамасы спортшысының допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті

Алғашқы допинг дауы: Олимпиада алдында Италия құрамасы спортшысының допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті
Қысқы спорт

Ребекка Пасслер. Сурет: Speedshot/Imago/ТАСС

Биатлоннан Италия құрамасының мүшесі Ребекка Пасслер Олимпиада алдында оң допинг-тест тапсырды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

La Rebupbblica басылымының жазуынша, спортшының ағзасынан эстрогеннің жоғары көрсеткішін төмендетуге көмектесетін летрозол препараты табылған. Пасслер сынаманы жарыстан тыс уақытта тапсырған. 

Ребекка Пасслердің жасы 24-те. Спортшының әлем Кубогы кезеңіндегі ең үздік нәтижесі - жекелей жарыстағы 11-орын. Ол Милан мен Кортинада өтетін Олимпиада ойындарында Италия намысын қорғауы керек болған. 

2026 жылғы қысқы Олимпиада 6 ақпанда басталады.