Қазақстанның бірінші ракеткасы Australian Open финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Australian Open финалына шықты
Теннис

Анна Данилина және Александра Крунич / Сурет: ҚТФ

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық біріншілігінің финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетіп жатқан отандасымыз жартылай финалда жарыстың бесінші ракеткалары болып тіркелген - канадалық-бразилиялық Габриэла Дабровски мен Луиза Стефаниді үш сетте жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды - 7:6 (7:2), 3:6, 6:4.

Анна мен Александра жұп болып екінші мәрте "Үлкен дулыға" турнирінің финалында өнер көрсетпек.Былтыр қазақстандық-сербиялық жұп Франция ашық чемпионатының шешуші сынында бақ сынаған. Ал Australian open турнирінің финалында Анна Данилина екінші рет бақ сынайды. Осыдан төрт жыл бұрын ол Беатрис Хаддад Майямен бірге финалда қарсыласына есе жіберген.