Датиев пен Наурызова Төрт құрлық чемпионатын қандай нәтижемен аяқтады

Датиев пен Наурызова Төрт құрлық чемпионатын қандай нәтижемен аяқтады
Қысқы спорт

Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова / Сурет: Getty Images

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушылары Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Отандастарымыз мұздағы би бағдарламасында ел намысын қорғады. Ритмикалық биден кейін қазақстандық жұп 12-орында тұрған еді. Еркін бағдарламада 84,95 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Датиев пен Наурызова 137,34 ұпай жинап, жалпы есепте 12-орынды иеленді. 

 АҚШ өкілдері Эмилия Зингас пен Вадим Колесник (202,86 ұпай) жарыста жеңіске жетті. Кэролайн Грин мен Майкл Парсонс (АҚШ) 194,72 ұпаймен күміс жүлде еншіледі. Қола медаль Уна Браун мен Гейдж Браунға (АҚШ) бұйырды - 190,78 ұпай.