Юлия Путинцева алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты
Теннис
Юлия Путинцева / Сурет: ҚТФ
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева мансабында алғаш рет Аустралия ашық біріншілігінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жарыстың үшінші кезеңінде қазақстандық теннисші түркиялық Зейнеп Сонмезбен кездесіп, үш сетке созылған кездесуді жеңіске қол жеткізді - 6:3, 6:7 (3:6), 6:3).
“Үлкен дулыға” бәсекесінің келесі кезеңінің жолдамасын Путинцева Жасмин Паолини - Ива Йович матчының жеңімпазымен сарапқа салады.
Бұған дейін Путинцева 2016, 2020, 2021 және 2025 жылдары жарыстың үшінші айналымында ойнап, жарыс жолын аяқтаған.