AO-2026: Анна Данилина жұптық сында үшінші айналымға шықты
Теннис
Анна Данилина және Александра Крунич / Сурет: WTA
Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық біріншілігінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Үлкен дулыға” жарысында сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетіп жатқан отандасымыз екінші кезеңде аустралиялық дуэтке қарсы ойнады. Арина Родионова мен Дарья Касаткинаға қарсы болған матчты қазақстандық-сербиялық дуэт екі сетті 6:3, 6:4 есебімен өз пайдасына шешті.