"Барыс" мәскеулік ЦСКА-ны жеңіп, жеңілістер сериясын үзді

Хоккей

"Барыс" - ЦСКА / Сурет: "Барыс" ХК

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аяындағы кезекті ойынын мәскеулік ЦСКА-ға қарсы өткізіп, бес матчқа жалғасқан жеңіліс сериясын үзді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Айдын иелері алғаш болып есеп ашып, Тайс Томпсон көзге түсті. Екінші кезеңде ЦСКА "Барыс" қақпасына шайба соққанымен, ол төрешілердің шешімімен есепке алынған жоқ. Себеп - шайба соғылар алдында мәскеулік команданың ереже бұзуы. Үшінші жиырма минуттықта Майкл Веккьоне есеп айырмасын ұлғайтты. Ойынның аяқталуына бірнеше минут қалғанда Игорь Никитин қақпашыны алтыншы ойыншыға алмастырып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда "Барыс" қарсыластың бос қақпасын дәл көздей біліп, жеңіске қол жеткізді. 

"Барыс" - ЦСКА - 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)

1:0 - 13:00 - Томпсон (Морелли) 

2:0 - 53:24 - Веккьоне (Уолш, Морелли) ГБ

2:1 - 56:37 - Соркин (Полтапов, Карнаухов) 

3:1 - 59:23 - Веккьоне (Шил) БҚ

Қақпашылар: Шил - Самонов