Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа жақындады
Теннис
Заңғар Нұрланұлы / Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Жасөспірімдер арасында жаңартылған ITF рейтингісінде қазақстандық теннисшілердің орны белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңғар Нұрланұлы 24-тен бірден 12-орынға көтеріліп, ТОП-10-ға кіруге жақын тұр. Сондай-ақ Дамир Жалғасбай 60-тан 31-ге, Даниэль Тазабеков 94-тен 52-сатыға жайғасты. Нұрланұлы, Жалғасбай, Тазабеков 24 қаңтар — 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Заңғар онда 8-ракетка ретінде тіркелген.
Аустралия ашық чемпионатына дейін үш жас қазақстандық теннисші сол елдегі ITF J300 TRARALGON турнирінде ойнайды.