Шаңғымен тұғырдан секіру: отандастарымыз әлем Кубогы кезеңін қандай нәтижемен аяқтады

Шаңғымен тұғырдан секіру: отандастарымыз әлем Кубогы кезеңін қандай нәтижемен аяқтады
Қысқы спорт

Илья Мизерных / Сурет: Olympic.kz

Оберстдорфта (Германия) шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың финалдық кезеңіне Қазақстан құрамасының екі спортшысы жолдама алды. Нәтижесінде ең үздік көрсеткішті Илья Мизерных тіркеді. Ол 24-орынға ие болды. Ал Данил Васильев өз өнерінің қорытындысы бойынша 45-орынға тұрақтады.