Төрт құрлық чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Төрт құрлық чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Қысқы спорт

Михаил Шайдоров / Сурет: Olympic.kz

21-25 қаңтар күндері Қытай астанасы Бейжіңде мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді. Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Құрамалардың өтінімдері Халықаралық конькишілер одағының ресми сайтында жарияланған. 

Ерлер арасындағы жекелей сында ел намысын Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников қорғайды. Никита Кривошеев пен Артур Смагулов - қосалқы спортшылар. 

Әйелдер арасындағы жекелей жарыста Софья Самоделкина мен Амира Ирматова өнер көрсетеді. 

Мұздағы би бағдарламасында Қазақстан атынан Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев бақ сынайды.