Данил Васильев пен Илья Мизерных әлем Кубогы кезеңінің финалына шықты
Қысқы спорт
Германияның Оберстдорф қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден әлем Кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерлер арасында іріктеу сайысына қазақстандық спортшылар Данил Васильев пен Илья Мизерных қатысты. Екі спортшы да финалдық кезеңге шықты. Васильев іріктеу сайысында 38-орынға ие болса, Мизерных 42-орынмен аяқтады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 29 желтоқсанда анықталады.