Милан-2026: конькимен жүгіруде ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды

Милан-2026: конькимен жүгіруде ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Қысқы спорт

Евгений Кошкин / Сурет: Takashi Aoyama/International Skating Union via Getty Images

Конькимен жүгіруден 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада конькимен жүгіруден ел намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды, олар: Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.

Еске салайық, конькимен жүгіруден 14 қараша мен 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 12 лицензия жеңіп алды. Сонымен қатар, ел қоржынында мәнерлеп сырғанаудан 2, шорт-тректен 9 жолдама бар.