Владислав Киреев әлем Кубогы кезеңінде тарихи нәтиже тіркеді
Биатлон
Владислав Киреев/ Сурет: Қазақстан биатлоншылар одағы
Бұл күндері Австрияда биатлоннан әлем Кубогы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ерлер арасындағы із қуу жарысында екі отандасымыз өнер көрсетіп, Владислав Киреев үздік жиырма спортшының қатарынан көрінді. Ол барлық төрт ату аймағында бірде-бір қателік жібермей, нысаналарды дәл көздеді. Осының арқасында ол топ-20 тізіміне еніп, ел биатлоны тарихындағы үздік нәтижені тіркеді.
Осы жарыста бақ сынаған тағы бір жерлесіміз Әсет Дүйсенов 37-орынға табан тіреді.