Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем Кубогы кезеңінде үзідк ондыққа енді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем Кубогы кезеңінде үзідк ондыққа енді
Семсерлесу

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семсер қаруымен айқасудан құрамада ең жоғары нәтижені Нұржан Әбжанов көрсетті. Ол жарысты 22-орынмен аяқтады. Берік Орынбасар 56-орынға, Нұрмұхаммед Балтабай 61-орынға, Нариман Уәлихан 71-орынға ие болды.

Ал Александр Шешин 103-орынға, Жанарбек Жанұзақов 138-орынға және Анварбек Бауыржан 179-орынға тұрақтады.

Командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы сегізінші орынға табан тіреді.