Конькимен жүгіру: қазақ қызы әлем Кубогы кезеңінде үш алтын жүлде иеленді
Қысқы спорт
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының мүшесі Кристина Шумекова Миланда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогы кезеңінің үш дүркін жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз 1500 метрлік қашықтықта алтын медаль жеңіп алды. Мәреге екінші болып жапониялық Аяно Секигучи келсе, үздік үштікті қытайлық Цзяминь Цзян түйіндеді.
Айта кетейік, бұл жеңісіне дейін Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарда да бірінші орын алған еді.