Тарих жасаған қазақ баласы Чемпиондар Лигасы келесі матчына қатыспайды
Дастан Сатпаев/“Қайрат” ФК
“Қайрат” шабуылшысы Дастан Сәтпаев УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңі алтыншы турының матчына қатыспайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Себебі, Дастан Сәтпаев “Копенгагенмен” матчтың соңына таман ойын уақытын созғаны үшін сары қағаз алды. Осылайша, ол жалпы кезеңде үшінші рет ескерту алып, нәтижесінде бір матчтан автоматты түрде шеттетілді. Сәтпаев 9 желтоқсанда “Олимпиакосқа” қарсы Астанада өтетін матчта өз командасына көмектесе алмайды.
Еске салайық, “Копенгагенмен” ойын 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген. Бұл кездесуде Сәтпаев гол соғып, көзге түсті. Әрі ол Чемпиондар Лигасы тарихында гол соққан ең жас ойыншылардың үштігіне кірді, сондай-ақ ол лигада нәтижелі соққымен көзге түскен алғашқы қазақ футболшы атанды.