Қос қазақтың голы “Қайратты” жеңілістен құтқармады
Футбол
AP
“Қайрат” футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңінің 5-турында сырт алаңда “Копенгагенмен” ойнады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ойын есебін 26-минутта Виктор Дадасон ашты. Кездесудің екінші жартысында Джордан Ларссон пенальти соққысын орындады, одан соң Робертті соққан голының арқасында есепті 3:0-ге жеткізді. Ойын соңына таман Дастан Сәтпаев қарсылас қақпашысының қателігін пайдаланып, есеп айырмасын қысқартса, сәлден кейін Олжас Байбек көзге түсті - 3:2.
Енді алматылық ұжым 9 желтоқсанда “Олимпиакосты” қабылдайды. Ойын Астанада өтеді.