Елена Рыбакина WTA Finals жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина WTA Finals жеңімпазы атанды
Теннис

Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта өткен Жылдың қорытынды турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстанның үздік теннисшісі финалда Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесіп, екі сетте 6:3, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакина WTA Finals турнирінде жеңіске жеткен алғашқы азиялық теннисші атанды. Отандасымыз турнир барысында бес ойын өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетті. Енді Елена Рыбакина жаңартылған дүниежүзілік рейтингіде бесінші орынға көтеріледі.