Гран-При: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада екінші орын алды
Қысқы спорт
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының мүшесі Софья Самоделкина Жапониядағы Гран-При жарысы кезеңіндегі жарыс жолын бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жерлесіміз Токиодағы бәсекеде орындаған қысқа бағдарламасы үшін төрешілерден 67.75 ұпай алып, аралық екінші орынға ие болды.
Алғашқы жарыс күнінен кейін Каори Сакамото (77.05) көш бастап тұрса, үздік үштікті Оңтүстік Корея өкілі Ю Ён түйіндеп тұр - 67.66.