Елена Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы анықталды
Теннис
Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Жерлесіміз Эр-Риядта өтіп жатқан жылдың қорытынды турнирі финалының жолдамасын америкалық Джессика Пегуламен сарапқа салады.
Матч бүгін сағат Астана уақытымен сағат 20:00-де өтеді. Ал турнирдің екінші жартылай финалдық матчында Арина Соболенко мен Аманда Анисимова шеберлік байқасады.