Рыбакинаның жылдың қорытынды турниріндегі қарсыластары белгілі болды

Рыбакинаның жылдың қорытынды турниріндегі қарсыластары белгілі болды
Теннис

TPN

1-8 қараша күндері Эр-Риядта теннистен WTA жылдың қорытынды турнирі өтеді. Жарысқа Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үшінші жыл қатарынан қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Турнирдің жеребе тарту рәсімінің қорытындысында әлемнің алтыншы ракеткасы Серена Уильямс атындағы топқа түсті. Бұл топта Ига Швентек, Аманда Анисимова мен Мэдиссон Киз өнер көрсетеді. 

Ал Штеффи Граф атындағы екінші топта Арина Соболенко, Коко Гауфф пен Джессика Пегула, Жасмин Паолини бақ сынайды.