“Барыс” бас тартқан ойыншысымен келісімшартын үзді

“Барыс” бас тартқан ойыншысымен келісімшартын үзді
Хоккей

“Барыс” ХК

“Барыс” хоккей клубы ресейлік шабуылшы Иван Николишинмен келісімшартын үзді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Келісімшарт екі тараптың келісімі бойынша үзілген. 

Клуб бұған дейін шабуылшыны бас тартылған хоккейшілер тізіміне енгізген еді.

Иван Николишин “Барыс” құрамын былтырғы маусымның қазан айында толықтырған. Жалпы, ол өткен жылы 62 матчқа қатысып, 12 (4+8) ұпай еншілеген.