“Барыс” тағы бір легионермен келісімшарт жасасуы мүмкін
Хоккей
NHL.com
“Барыс” құрамына тағы шетелдік ойыншы қосылуы мүмкін, деп жазады BasSport.kz.
“Пошла вода горячая” Telegram-арнасының жазуы бойынша, америкалық шабуылшы Макс Уиллман елордалық ұжыммен бір жылдық келісімшартқа қол қоймақ.
Өткен маусымда шабуылшы Америка хоккей лигасында өнер көрсетіп, 69 ойында 30 (10+20) ұпай еншілеген.
Жалпы, АХЛ-да ол 247 матч өткізіп, 119 (54+65) ұпай олжалаған.
Макстің Ұлттық хоккей лигасында ойнау тәжірибесі де бар. “Филадельфия” мен “Нью-Джерси” құрамында жалпы 68 кездесуге қатысып, 10 (7+3) ұпайды өз есебіне жазған.