Александр Бублик жеке рекордын жаңартты
Теннис
Getty Images
Әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик биылғы маусымдағы АТР турнирлерінің негізгі кезеңдерінде 34 жеңіске қол жеткізген, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл - оның мансабындағы ең үздік нәтиже. Бублик осыдан төрт жыл бұрын, 2021 жылғы маусымда 33 матчта жеңімпаз атанған. Отандасымыз өзінің биылғы маусымдағы 34-жеңісіне Париждегі АТР 1000 турнирінде қол жеткізді. Бублик алғашқы айналымда австралиялық Алексей Попыринді екі сетте жеңді - 6:4, 6:3.
Енді Александр Корентен Муте - Райли Опелка матчының жеңімпазымен шеберлік байқасады.