"Барыстың" бас бапкері Жұлдыздар матчына қатысады

Хоккей

Михаил Кравец / Сурет: "Барыс" ХК

"Барыстың" бас бапкері Михаил Кравец Құрлықтық хоккей лигасы Жұлдызда матчына қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Лига Екатеринбургте өтетін Жұлдыздар матчында KHL U23 Stars командасын жаттықтыратын бапкерлерді таныстырды – олар Жерар Галлан ("Шанхай Айдаһарлары") және Михаил Кравец ("Барыс").

Михаил Кравец 2023 жылы Санкт-Петербургте өткен ҚХЛ Жұлдыздар матчының қатысушысы болған. Лига аясында ол СКА, "Витязь", "Амур", "Авангард", "Куньлунь Ред Стар" және "Барыс" клубтарын басқарды. Оның еншісінде 415 матч пен 201 жеңіс бар.

ҚХЛ-дағы бас бапкер ретіндегі ең жоғары жетістігі – 2022/2023 маусымындағы қола жүлде. 2024 жылы Михаил Кравец Бірінші арна кубогында ҚХЛ әлем құрамасының бапкерлік штабының құрамында болды.