Михаил Шайдоров үшінші мәрте Гран-При жарысы жүлдегері атанды

Михаил Шайдоров үшінші мәрте Гран-При жарысы жүлдегері атанды
Қысқы спорт

Instagram, @mikhail_shaidorov

Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Гран-При жарысы екінші кезеңінің ерлер арасындағы жарысы мәресіне жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Михаил Шайдоров өзінің маусымдағы екінші, алғашқы Гран-При жарысында қола жүлде еншіледі.

Отандасымыз қысқа бағдарламасы үшін 88.33 ұпай, ал еркін бағдарламасы үшін төрешілерден 174.34 ұпай алды. Осылайша, ол қос бағдарлама қорытындысында 262.67 ұпай еншілеп, үшінші орынға табан тіреді.