Елена Рыбакина Токиодағы жарыстың ширек финалында

Елена Рыбакина Токиодағы жарыстың ширек финалында
Теннис

WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Токиода өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Елена Рыбакина жарыстағы алғашқы кездесуінде  канадалық Лейла Фернандеспен кездесті.

Матч 1 сағат 26 минутқа жалғасып, екі сет қорытындысында отандасымыз 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Рыбакина жартылай финал жолдамасын тағы бір канадалық теннисші Виктория Мбокомен сарапқа салады.