Алматыдағы ATP 250 турнирінің финалисі қазақ шапанымен Еуропада қыдырып жүр

Теннис
Li Renzi/XinHua/GLOBAL LOOK PRESS
Теннистен Алматыда өткен АТР 250 турнирінің финалисі қазақ шапанымен Еуропада қыдырып жүр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Корентен Муте Аустрия астанасы Венада ұлттық киіміміз шапанмен жүрген видеосын жариялады.
Теннисші Instagram әлеуметтік желісі Stories-інде жариялаған видеосында:
”Time for dinner!”, - деп айтып, кешкі ас ішуге шапанмен бара жатқанын көрсетті.
Бұл шапан Корентен Муте мен Даниил Медведевке Almaty Open ATP 250 финалының марапаттау салтанатында сыйға берілген.
Айта кетейік, Корентен Муте Алматыдағы АТР 250 жарысының финалында Даниил Медведевтен жеңілген еді.
Венада өтіп жатқан АТР 500 жарысының 1/8 финалында Муте мен Медведев тағы кездеседі.