Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургтегі турнирге қатысады

Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургтегі турнирге қатысады
Хоккей

Getty Images

6-9 қараша күндері Санкт-Петербургте хоккейден төртінші “Болашақ Кубогы” турнирі өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жарысқа Қазақстан мен Беларусьтің жастар, Ресейдің жастар және жасөспірімдер құрамалары қатысады. 

Бұл жарысты Қазақстан жастар құрамасының І дивизионның А тобындағы әлем чемпионатына дайындығының бір бөлігі деуге болады. 

Қазақстан құрамасының турнирдегі жастар кестесі:

6 қараша

21:00 Қазақстан U20 - Беларусь U20

7 қараша 

16:00 Ресей U20 - Қазақстан U20

8 қараша, 3х3 турнир

14:30

Ресей U20 - Қазақстан U20

Беларусь U20 - Ресей U18

3-орын үшін матч

Финал

9 қараша

14:30 Ресей U18 - Қазақстан U20 

Матчтардың басталуы Астана уақытымен көрсетілген.

Еске салайық, Қазақстан жастар құрамасы биыл І дивизионның А тобындағы әлем чемпионатында өнер көрсетіп, топ-дивизионның жолдамасы үшін таласады.