Таеквондо: Бейбарыс Қаблан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Таеквондо: Бейбарыс Қаблан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Басқа

Қазақстан таеквондо федерациясы

Таеквондодан Қазақстан құрамасының мүшесі Бейбарыс Қаблан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ширек финалдық кездесуде Қаблан Бейбарыс Бара Рахмет Симсектен (Түркия) басым түсті. Жартылай финалда отандасымыз Иран спортшысы Ашрафи Амирмохаммадқа қарсы кездесу өткізеді.

Ирандық таеквондошы 2022 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы титулына ие.

Жартылай финалдық жекпе-жектер Астана уақытымен 19:00 де басталады.