Бүгін екі боксшымыз бақ сынайды

Бокс
KBF
Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде шаршы алаңға қос боксшымыз шығады.
57 келі | 1/16 финал
Карина Ибрагимова – Панагета Кузилу (Грекия)
65 келі | 1/16 финал
Аида Әбікеева – Лука Хамори (Мажарстан) Екеуінің де жекпе-жегі күндізгі сессияда өтеді. Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 15:00-де басталады.
Айта кетейік, чемпионаттың алғашқы күнінде шаршы алаңға шыққан Элина Базарова өзбекстандық қарсыласына жол берді. Ал Сағындық Тоғамбай жарысты жеңіспен бастап, келесі кезеңге өтті.