«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері қашан сатылымға шығады?

«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері қашан сатылымға шығады?
Футбол

Алматының «Қайрат» клубы мен Мадридтің «Реалы» арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының ойынына билеттер қыркүйекте сатылымға шығады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді

Оның айтуынша, билеттер сатылымы матчтан шамамен 10 күн бұрын басталады. Яғни, 30 қыркүйекке жоспарланған кездесудің билеттері 20-жұлдызы шамасында қолжетімді болады.

Жарасбаев жанкүйерлерді алаяқтардан сақ болуға шақырып, билеттерді тек «Қайраттың» ресми сайты мен әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан сатып алуға кеңес берді. Баға клубтың ішкі саясатына байланысты анықталады, нақты құны қыркүйектің соңына қарай белгілі болады.

Матч 30 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, басталуы – 21:45.