Игорь Шацкий: «Уэльспен мықты қарсылас, бірақ біз де оңай шағылар жаңғақ емеспіз»

Футбол
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Игорь Шацкий алдағы Уэльспен болатын матчқа қатысты ойымен бөлісті. Қазір ол туған командасы – Қарағандының «Шахтерінде» ойнап жүр, деп хабарлайды Bassport.kz Legalbet.kz-ке сілтеме жасап.
«Уэльспен ойын оңай болмайды. Оларда мықты ойыншылар бар, тәжірибесі де жеткілікті. Бірақ біздің құраманың да мінезі бар. Өз жанкүйерлеріміздің алдында әрқашан ерекше жігермен ойнаймыз. Бәрі ойыншылардың алаңдағы көңіл-күйі мен зейініне байланысты. Қазақстанның жақсы нәтиже көрсетуге мүмкіндігі бар деп сенемін», – деді Шацкий.
36 жастағы Шацкий ұлттық құрамада 2019–2024 жылдары ойнады. Ол 32 матч өткізіп, 8 ойынды қақпасына гол жібермей аяқтаған. Магомед Адиев жаттықтырған кезде Қазақстан құрамасының тарихи нәтижелеріне үлес қосқан қақпашылардың бірі саналады.
Айта кетелік, Қазақстан – Уэльс матчы 4 қыркүйекте Астанадағы «Астана Аренада» өтеді. Басталуы – сағат 19:00-де.