Чемпиондар лигасында «Қайрат» кімдерге сенім артты?

Чемпиондар лигасында «Қайрат» кімдерге сенім артты?
Футбол

Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасына қатысатын ойыншылар құрамы белгілі болды. 


Қақпашылар: Александр Заруцкий, Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмұрза, Ильдар Меңдіғалиев, Диас Реимов.
Қорғаушылар: Луиш Мата, Дамир Қасабулат, Лев Кургин, Александр Мартынович, Офри Арад, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лука Гадрани, Данияр Ташпулатов, Егор Сорокин, Әкежан Каликулов.


Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков, Гиорги Зариа, Олжас Байбек, Дан Глазер, Еркін Тапалов, Юг Станоев, Валерий Громыко, Абылай Төлеухан, Дәулет Орынбасар, Азамат Тұяқбаев.
Шабуылшылар: Жоржиньо, Дастан Сәтпаев, Эдмилсон, Рамазан Бағдат, Рикардиньо, Исмаил Бекболат.


Бас бапкер: Рафаэль Уразбахтин.


Айта кетейік, «Қайрат» іріктеу кезеңінде «Олимпия», КуПС, «Слован» және «Селтик» клубтарын жарыстан шығарып, тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған болатын. Алдағы кезеңде «сары-қаралар» Еуропаның үздік ұжымдарымен бақ сынайды. Қарсыластар қатарында – «Реал», «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Спортинг», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгаген».

Алғашқы тарихи матч 18 қыркүйекте өтеді. Қазақстандық клуб сырт алаңда Португалияның «Спортингіне» қарсы ойнайды.