Әпкелі-сіңлі Оспанова боксшылары Азия ойындарында бір күнде екі алтын жеңіп алды
 
                Instagram: shk_kz
Манама қаласында (Бахрейн) өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.
Жарыстың ең жарқын оқиғаларының бірі – әпкелі-сіңлі Камилла мен Аяулым Оспанованың бір күнде чемпион атануы болды.
Аяулым Оспанова 66 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, финалда Үндістан өкілі Харнуур Каурды екінші раундта тоқтатып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Камилла Оспанова да өз салмағында (75 кг дейін) қарсыластарын артта қалдырып, Қазақстанға тағы бір алтын медаль сыйлады.
Оспанова әпкелі-сіңлілерінің қос «алтыны» жалпыкомандалық көрсеткішке айтарлықтай серпін берді. Еске сала кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы барлығы 93 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 24 алтын, 29 күміс және 40 қола жүлде бар.
